Үстел теннисінен Қазақстанның абсолютті чемпионы анықталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол үш бағдарлама бойынша үздік атанды

Фото: Спорт министрлігі

Кирилл Герасименко үстел теннисінен Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астаналық теннисші Алматыда өткен үстел теннисінен ел чемпионатында үш алтын медаль иеленді.

  • Аралас жұпта Зәуреш Ақашевамен бірге жеңіске жетті;
  • Ерлер жұбында Қадырәлі Қабдылуахитовпен бірге топ жарды;
  • Жекелей сында Алан Құрманғалиевті финалда ұтып, чемпион атанды.

Үш бағдарламада да үздік атанған Кирилл Герасименко – 2025 жылғы ел чемпионатының абсолютті жеңімпазы.