Байрақты бәсеке Грузия жерінде өтіп жатыр
Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан парадзюдодан Әлем Кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Ақмарал Науатбек жеңіске жетті. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмарал Науатбек 52 келі салмақта J2 класында сынға түсті.
Ол финалдық белдесуде Германия өкілі Изобель Тайды тыпыр етпеу әдісімен сенімді түрде жеңді.
Айта кетерлігі, бұл турнир Ақмарал үшін ерекше болды. Ол алғаш рет Олимпиада чемпионы статусын білдіретін алтын жамылғымен татамиге шықты.