Оқиға 21 наурыз күні болды
Қайғылы оқиға 21 наурызда Уәлиханов ауданындағы Қайрат ауылында болды. 12 жасар Елжанның үстіне жеке үйдің ауласындағы қораның қабырғасы опырылып құлап, көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, төтенше жағдай сағат 19:35 шамасында болған. Алған жарақатынан бала сол жерде көз жұмды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.