Дәрігерлер науқасты құтқарып қала алған жоқ
Қарағанды облысында жеңіл көлік велосипед мінген 58 жастағы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Абай ауданына қарасты Қарабас ауылында болды. Ауыр жараланған ер адам көз жұмды.
Оқиғаға қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы агенттік тілшісіне түсініктеме берді.
«Көптеген жарақат алған. Дәрігерлер науқастың өмірі үшін күрескенмен, аман алып қала алған жоқ», - делінген ведомствоның жауабында.