Оның ішінде 12 бала эвакуацияланды
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 60-қа жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт Есіл ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің ошағы – электр қалқаны. ТЖМ мамандары автосаты мен үш буынды баспалдақ орнатып, түтін басқан аймақтан 13 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды.
«Сондай-ақ баспалдақ арқылы 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толық сөндірілді», – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.