24.03.2025, 10:01
Жаңалықтар
Air Astana ұшағы шұғыл түрде Бакуге қонуға мәжбүр болды
Ұшу кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған
Фото: gov.kz
Air Astana әуе компаниясының ұшағы 24 наурызға қараған түні Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Airbus A321 әуе кемесі Тбилисиден Алматыға бағыт алған. Алайда ұшу кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлағандықтан, экипаж командирі шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Oxu.az порталының мәліметінше, ұшақ жергілікті уақытпен 00:25-те сәтті қонған.
Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Air Astana компаниясының шешімімен рейстің әрі қарай ұшуы уақытша тоқтатылды. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды