Air Astana ұшағы шұғыл түрде Бакуге қонуға мәжбүр болды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ұшу кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған

Фото: gov.kz

Air Astana әуе компаниясының ұшағы 24 наурызға қараған түні Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Airbus A321 әуе кемесі Тбилисиден Алматыға бағыт алған. Алайда ұшу кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлағандықтан, экипаж командирі шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Oxu.az порталының мәліметінше, ұшақ жергілікті уақытпен 00:25-те сәтті қонған.

Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Air Astana компаниясының шешімімен рейстің әрі қарай ұшуы уақытша тоқтатылды. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.