Инфекция тіркелгеннен бері Қазақстан бойынша 181 адам реанимацияға түскен
Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлап отыр. Дәрігерлер 1 маусымда 12 адамды палатаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.
«Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 12 науқас реанимациядан тұрақты палатаға шықты. Атап айтсақ:
Шымкент қаласында ‒ 4 адам,
Жамбыл облысында ‒ 3 адам,
Түркістан облысында ‒ 1 адам,
Қызылорда облысында ‒ 1 адам,
Қарағанды облысында ‒ 1 адам,
Маңғыстау облысында ‒ 2 адам», - деп хабарлайды комиссия.
Осымен Қазақстан Республикасында барлығы 181 адам реанимациядан бейінді бөлімге шыққан.