Оларды құтқарушылар келіп, құтқарып қалды
Оқыс оқиға Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, екінші қабат пен төртінші қабаттың аралығында электр сымдары тұйықталып, өрт шыққан.
«ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады», - делінген министрлік хабарламасында.