Алматы қаласы мен Алматы облысында қатты жаңбыр жауады — ТЖД

Автор: Дәулет Ботагөз

ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» 2025 жылғы 23 наурыздағы дауылды ескертуіне сәйкес, 24-26 наурыз күндері Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Күтілетін жауын-шашынға байланысты беткейлік ағын пайда болуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі және өзен арналарынан асуы салдарынан су басу қаупі бар», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райы болжамдарын мұқият қадағалауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және қажет болған жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға шақырады.