Алматыда бойжеткен таудан құлап, жарақат алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Бойжеткен таудан түсіп бара жатқан кезде сүрініп кеткен

Фото: ҚР ТЖМ

Алматыда тауға шыққан 2005 жылғы бойжеткен құлап, қолын сындырып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, бойжеткен таудан түсіп бара жатқан кезде сүрініп кеткен.

«Зардап шеккенге ТЖМ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», - делінген хабарламада.