Бұған дейін Қазақстан құрамасы үш жолдастық кездесу өткізді
22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльспен ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Матч Кардифф қаласында (Уэльс) өтеді және қазақстандық уақыт бойынша 00:45-те басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Букмекерлер Уэльс құрамасын айқын фаворит ретінде бағалап отыр. Қазақстан құрамасы Али Алиевтің жетекшілігімен жаңа іріктеу циклі алдында үш жолдастық кездесу өткізді:
Ал Уэльс құрамасы соңғы рет өткен жылдың қараша айында Ұлттар лигасында ойнаған. Олар қатарынан алты матчта жеңілмей, үш рет жеңіске жетіп, үш рет тең түсті.