Олар қонақтарды қарсы алып, суретке түсіп, тіпті би билеуде
Алматыда өтіп жатқан Nauryz Almaty Vibe фестивалі ұлттық дәстүрлер мен заманауи технологияларды біріктіріп, ерекше шараларға толы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
Фестивальдің басты жұлдыздары – шапан мен тақия киген гуманоидтық роботтар. Олар жаяу жүргіншілер көшесінде қонақтарды қарсы алып, суретке түсіп, тіпті би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлауда.
Фестиваль аймағының орталық бөлігі – LED-экрандармен жабдықталған кинетикалық туннель, онда қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен адам бейнелері ауысып тұрады. Қонақтар үшін VR-аттракциондар, садақ ату алаңы, жасанды интеллект фотозоналары және интерактивті “Ой-Думан” шоуы ұйымдастырылған. Виртуалды аватар Ғалымжанкелушілердің сұрақтарына жауап беріп, фестивальдің бағдарламасы туралы ақпарат береді.
Фестиваль 22:00-ге дейін жалғасып, музыкалық топтар мен диджейлердің өнер көрсетуімен аяқталады.