Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады
Жұқпалы инфекциядан жазылғандардың көбі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Атырау облысының тұрғындары.
«Бүгін, 1 маусым күні ел бойынша 129 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Олар:
Нұр-Сұлтан қаласында – 22,
Алматы қаласында – 46,
Шымкент қаласында – 7,
Алматы облысында – 5,
Қарағанды облысында – 12,
Қостанай облысында – 2,
Маңғыстау облысында – 5,
Атырау облысында – 19,
Павлодар облысында – 4,
Батыс Қазақстан облысында – 7 адам», - деп хабарлаған комиссия.
Жалпы, Қазақстан бойынша барлығы 5 587 адам COVID-19-дан сауығып шықты.