World Happiness Report рейтингі жарияланды
World Happiness Report рейтингіне сәйкес, Қазақстан ең бақытты тұрғындары бар 50 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейтингте Қазақстан 43-орынға жайғасып, Ресейді, Қырғызстанды, Тәжікстанды, Арменияны, Грузияны және Әзербайжанды артта қалдырды.
Әлемдегі ең бақытты ел қатарынан Финляндия сегізінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленді. Үздік бестікке сондай-ақ Дания, Исландия, Швеция және Нидерланды кірді.
Алғашқы 20 елдің қатарына Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Литва, Австрия, Канада, Словения және Чехия енді.
Украина бұл рейтингте 111-орынға тұрақтады.