Астанадан Мекке мен Мәдинаға тікелей рейстер ашылды

Автор: Дәуренқызы Алма

Ұшу уақыты – 6-7 сағат

Фото: Azattyq Rýhy

Қазақстандық қажылар үшін Астанадан Мекке мен Мәдинаға тікелей әуе рейстері ашылды. Бұл туралы елорда әуежайының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Рейстерді Air Astana ұлттық әуе компаниясы орындайды. Ұшу уақыты – 6-7 сағат.

«Бұл – қажылық сапарына шыққан азаматтар үшін үлкен мүмкіндік. Рейстердің ашылуы рухани парызын өтеуге ниетті жандарға жолды жеңілдетеді», – делінген ресми хабарламада.