«Ағамыз не болып кеткен?!»: сексеннен асқан Нұрғали Нүсіпжанов атамыз жұртты алаңдатып қойды (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Нұрғали Нүсіпжановтың сахнада жүргеніне биыл 70 жыл болды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Өнердегі ағасын мерексімен құттықтап келген Ақбота Керімбекова жақында мерейтойы тойланатынын айтып, оның ақ батасын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мерекеңіз құтты болсын! Көкеміздің сахнада жүргеніне 70 жыл! Мерейтойды бүкіл қазақ болып тойлауға баршаңызды шақырамыз. Алда керемет той. Құдай сізге қуат, күш, деніңізге саулық берсін! Қазақтың маңдайына біткен аңыз адамдар ғой – бұл кісілер», – деді Керімбекова.

Кезінде жас қызды әйел қылып, сынға қалған атамыздың бүгінгі жағдайы жұртты алаңдатып қойды. 

«Ағамыз не болып кеткен?! Құдды бір дүкендегі маникен сияқты. Қария болып, қазақи қартайғаны жақсы еді», «Жеңгеміз жас болғандықтан, қасын бәрін жасатқан ғой», – деп жазады пікір білдірушілер.