Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова бүкіләлемдік әскерилер ойынында (Ухань) жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты
Ольга Рыпакова үш қарғып секіру жарысында 14.19 метрге секіріп, үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынға 13.78 метрді бағындырған италиялық Оттавией Цестонаро жайғасса, 13.54 метрге қарғыған Доминикан республикасының өкілі Люсии Хосе Тим үшінші орынға ие болды.