Өскеменде автобус пен «Газель» соқтығысып, алты адам зардап шекті (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар медициналық көмекке жүгінді

Фото: © istockphoto.com

Өскемен қаласында жолаушылар автобусы мен «Газель» көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде болған. Апат салдарынан автобустың бес жолаушысы мен бір жаяу жүргінші түрлі дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінді.

«Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.