«Басымда бірнеше несие болса да, ипотекаға үй алдым»: Роза Әлқожа отбасында қоныстой

Автор: Дәуренқызы Алма

Әнші сүйінші жаңалығын бөлісті 

Фото: видеодан кадр

Танымал әнші Роза Әлқожа ипотекаға жаңа пәтер алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін менің қуанышымда шек жоқ, өйткені ипотекаға үй алып жатырмын. Егер сіздер де мен сияқты басымда бірнеше несие бар деп уайымдасаңыздар ипотекаға үй алуға мүмкіндік барын біліңіздер. Біздегі мәселе - бірнәрсені қолдан қиындату, уақытылы бармау, ізденбеу. Бүгінгі қуанышым енді ерекше! Аллаға шүкір, сіздерге де жұғысты болсын!» – деді әртіс.

Желі қолданушылары оны жаңа қонысымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

«Құтты болсын», «Шаңырағың берекелі болсын», «Құтты шаңырақ болсын», – деп жазады пікір білдірушілер.