19.03.2025, 21:20
Жаңалықтар
Алматыда қыздардың алдында мүшесін ұстап, қорқытқан жігіт видеосы тарады (ВИДЕО)
Полиция тексеріс бастады
Фото: видеодан кадр
Алматының Бостандық ауданында белгісіз ер адам көпқабатты үйдің маңында әдепсіз әрекетке (мастурбация) барған. Оқиға куәгерлердің камерасына түсіп, кейін Telegram арналары арқылы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам терезеге фонарь жағып, қар лақтырып, пәтерде тұратын қыздардың назарын аударуға тырысқан.
Бұл жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді:
«Алматы қалалық полиция департаменті «102» пультіне осы оқиға бойынша ешқандай арыз-шағым түспегенін хабарлайды. Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген ресми жауапта.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды