$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Үй түгелімен атылып кетер ме еді»: қарағандылық пәтердегі газ құбырын ашып, тұрғындардың зәресін алды

Оларды эвакуациялауға тура келді

«Үй түгелімен атылып кетер ме еді»: қарағандылық пәтердегі газ құбырын ашып, тұрғындардың зәресін алды
Фото: istockphoto.com

Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғыны мас күйінде пәтеріндегі газ құбырын ашып, бүкіл тұрғын үйге қауіп төндірді. Оқиға түс ауа болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Көпқабатты үйдің тұрғындары подъезде тараған газдың иісін сезіп, құтқару қызметіне хабарласқан. Мамандар келіп тексергенде, үшінші қабаттағы пәтердің иесі орталық газ тетігін ағытып жіберіп, есігін ешкімге ашпай қойғаны анықталды.

Оқиға орнына жеткен полиция мен газ қызметінің мамандары 38 адамды, оның ішінде бес баланы қауіпсіз жерге шығарды. 
Төтенше жағдайлар қызметі пәтердің есігін бұзып кіріп, мас ер адамды ұстады.

Полицияның мәліметінше, ұзақ уақыт алкоголь тұтынған азаматтың психикалық жағдайы тұрақсыз болған. Оны психоневрологиялық диспансерге жеткізді. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, жедел қызметтердің жылдам әрекеті қалада үлкен қауіптің алдын алуға мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары