Доллар құны тағы көтерілді

Автор: Асыл Арман

Валюта айырбастау орындарында қаншадан сатылып жатқаны белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Бүгін, 19 наурыз күні Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша сауда-саттық 15:30-да жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Доллардың орташа бағамы 500,32 теңгені құрап, 3,79 теңгеге өсті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 19 наурыздағы доллардың ресми бағамы – 496,41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 500,82 теңгені, ал сату бағамы 503,4 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 499,39 теңгеден сатып алып, 505,39 теңгеден сатуда.