Әзірге президенттің жағдайы белгісіз
Сомали астанасы Могадишода, президенттік сарай маңында ел президенті Хасан Шейх Махмудтың кортежіне бағытталған жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Шабуыл үшін жауапкершілікті «Аш-Шабааб» лаңкестік тобы өз мойнына алды. Әзірге президенттің жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ.
69 жастағы Хасан Шейх Махмуд 2022 жылы екінші мерзімге қайта сайланған. Ол 2012-2017 жылдары да Сомали президенті қызметін атқарған. Махмуд жемқорлыққа қарсы ұстанымы мен радикалды топтарға қарсы күресімен танымал.