Арыз Жоғарғы сотқа берілді
Қайғылы жағдайда қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевты сотқа берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот кеңсесінің мәліметінше, Айтбек Амангелді бұл жолы Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Жоғарғы сотқа шағым түсірген.
Азаматтық іс 17 наурызда судьяға келіп түсті.
Бұған дейін, 2023 жылдың тамыз айында, Айтбек Амангелді бұрынғы министрден моральдық зиян келтіргені үшін 1,5 миллиард теңге талап етіп, сотқа жүгінген болатын. Қыркүйек айында сот оның пайдасына 10 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды. 27 қарашада Астана қалалық апелляциялық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.