Ақтөбе облысында Жем өзені арқылы өтетін көпірдің маңайын су басып қалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Су басқан жолдың ұзындығы 100 метрді құрады

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе облысындағы Жем өзені арқылы өтетін көпірдің маңын 18 наурыз күні таңертең су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .

«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз тас жолының 92-ші шақырымында Жем өзені арқылы өтетін көпір аймағындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді.

Мұндағы су деңгейі 50 см-ге жетіп, су басқан жолдың ұзындығы 100 метрді құрады.

«Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.