Оқиға 1-курс студенттері арасында болды
Студент жігіттер 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінде тобындағы жалғыз қыз балаға қымбат сыйлық жасап, бойжеткенді жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, оқиға Қырғызстандағы Транспорт және робототехника институтының 1-курс студенттері арасында болған.
Топтағы жалғыз қыз баланың аты-жөні – Қасиет Ысқақова. Бойжеткен алдымен 23 ақпан күні жігіттерге қолсағат сыйлап, аналарының құттықтау видеосын үлкен экраннан көрсеткен.
Арада бірнеше күн өткеннен кейін 8 наурыз мерекесінде жігіттер де қарап қалмай, бір құшақ гүл мен Iphone телефонын сыйлап, бойжеткенді еріксіз жылатты.