$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2020, 12:40
Жаңалықтар

Жоғары қан қысымы, қант диабеті, семіздік: Шымкентте коронавирустан қайтыс болған марқұм жайлы

Науқас 30 мамыр күні, сағат 22:10-да қайтыс болды

Жоғары қан қысымы, қант диабеті, семіздік: Шымкентте коронавирустан қайтыс болған марқұм жайлы

Шымкент қаласында коронавирустан қайтыс болған марқұм 1959 жылы туған, деп хабарлайды Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.

«Еңбекші ауданының тұрғыны, 61 жастағы азамат 19 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 оң нәтиже берген. Азаматтың денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты 20 мамыр күні жансақтау бөліміне ауыстырылған. Науқас ИВЛ аппаратына қосылған», - делінген хабарламада.

Науқастың қосалқы ауруы: аса жоғары қауіпті топқа жататын 3-дәрежелі артериялық гипертензия. Қант диабетінің 2-типі, декомпенсация сатысында. Семіздік ауруының 2-дәрежесі. Сондай-ақ науқастың қайтыс болу себебі: өкпе артериясының тромбоэмболиясы ауруының асқынуы.

Емдеу хаттамасына сәйкес, науқасқа қажетті ем шаралары жүргізіліп, күнделікті республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 30 мамыр күні сағат 22:10-да науқас қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары