Экс-министр Қуандық Бишімбаевты соттаған Айжан Құлбаева шахмат турнирінде топ жарды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол тағы бір салада үздік болып шықты

Фото: Астана қалалық мамандандырылған соты

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Айжан Құлбаева елордада өткен шахмат турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қазақстан судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы сияқты спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырған. Бұл додаға сот әкімшілігінің, Әскери соттың, сондай-ақ қалалық және аудандық соттардың командалары қатысқан.

Жарыс нәтижесі бойынша:

  • I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева;
  • II орын – Астана қаласының ювеналды сотының төрағасы Лейла Зинашева иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер марапатталған.

Еске салсақ, Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған еді. Рсы сот ісіндегі судья Айжан Құлбаеваны халық кеңінен таныды.