1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады.
«Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы», - деп жазды Твиттер-парақшасында.