Ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Автор: Дәуренқызы Алма

Жолдарда 60 арнайы техника іске қосылған

Фото: istockphoto.com

2025 жылғы 18 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылды.