Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Әзербайжандағы Мингячевирде 83 жасар әжей тылсым жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Oxu.Az порталының Unikal басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, 1942 жылы туған Шовкет Нәбиева Боздағ баурайындағы Хаварлы зиратында туыстарының бейітін зиярат ету кезінде қайтыс болды.
Алғашқы тексеру барысында марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.