«Алтын алуды армандадым, бірақ әнұранның шырқалғанын елестетуді ұмыттым»: Назым Қызайбай күнделікті визуализация жасайтынын айтты
Назым Қызайбай – әлемнің үш дүркін чемпионы

Боксшы қыз жетістікке жету жолында кейде қиялға беріліп, болашағыңды елестетудің еш әбестігі жоғын айтып, күнделікті визуализация жасағанын жасырмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Әйгерім Сейфолла Назымның кешегі тарихи жеңісіне орай былтыр Олимпиададан кейін түсірілген сұхбаттан үзінді жариялады. Сол кезде спортшы бәрін: тұғырда тұрғанын, көк тудың желбірегенін елестетіп, тек әнұранның шырқалғанын ойлауды ұмытып кеткенін айтып, өкінішін білдірген еді.
«Ондай дүниені үнемі жасаймыз. Оқу-жаттығуда жүргенде күнделікті әдет, себебі психологтардың өзі кеңес берген. Адам болғаннан кейін армандайсың ғой. Алтын алуды армандайтынмын, көк байрағымыздың желбірегенін елестететінмін, бірақ сол кезде әнұранның шырқалған сәтін де көбірек ойлауым керек еді. Қазір соған өкінемін», – деп күлді спортшы.