Қайғылы оқиға 17 наурыз күні болған
Алматы облысында пойыз ер адамды басып, ол оқиға орнында жан тапсырды. Жол апаты 17 наурызда Шамалған-Ақсеңгір учаскесінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі — «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сондықтан әзірге өзге ақпарат жарияланбайды.