$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2020, 10:54
Жаңалықтар

Жазасын өтеуші әйелдер балаларына арнап хат жазды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Жазасын өтеуші әйелдер балаларына арнап хат жазды
фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталған әйелдер балаларына деген ыстық сағынышын қағазға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

ЕЦ-166/10 мекемесінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балама деген сағыныш» атты тақырыпта шығармашылық тәрбие сағаты өтті.

К.И. атты жазасын өтеушінің кәмелет жасқа толмаған төрт баласы бар (бостандықта). Ол өз шығармасында балаларына деген сағынышын жазып, әр баласының бойындағы жақсы қасиеттерін атады. Әсіресе кіші баласының анасына арнап салған суреттеріне ұзақ қарап, суреттегі анаға деген сағынышын суреттеді.

Сотталған Ж.З шығармасында жырақта жүрсе де балаларының тәрбиесіне көмек беріп отырған туғандарына алғысын жазды.

Серіктес жаңалықтары