Мүсінді француздар 1886 жылы 28 қазанда АҚШ-қа сыйға тартқан
Еуропарламент депутаты Рафаэль Глюксманн Place publique партиясының съезінде АҚШ-қа Бостандық мүсінін Францияға қайтару туралы талап қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy France24 арнасына сілтеме жасап.
«Біз сіздерге бұл мүсінді сыйға тарттық, бірақ сіздер оған лайық емес сияқтысыздар», – деді Глюксманн.
Сонымен қатар ол өз сөзінде АҚШ-тың Ресеймен қарым-қатынасын сынға алып, Украинаны қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ бұрынғы президент Дональд Трамптың бірқатар шешімдерін айыптады.
AFP Бостандық мүсінінің АҚШ-қа қоныс аударған миллиондаған иммигранттар үшін үміт пен жаңа өмірдің символына айналғанын атап өтті.
Бостандық мүсінін француз мүсінші Огюст Бартольди жасап, 1886 жылы 28 қазанда АҚШ-қа сыйға тартқанын айта кеткен жөн.