Бокстан әлемдік додада Елдана Тәліпова күміс алды

Автор: Дәуренқызы Алма

Осымен ел қоржынында екінші күміс

Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін Елдана Тәліпова Ниш қаласында (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спортшы әлемдік додада 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Негізгі жекпе-жекте Талипова қытайлық Чжан Иляньмен кездесті.

Илянь төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Тәліпова әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады.