Ол үш жыл бойы әкімшілік қадағалауда болу керек еді
Қаратөбе ауданында кәмелетке толмаған балаға зәбір көрсетіп, сегіз жылға сотталған адамға әкімшілік қадағалау орнатпаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
2009 жылы Қаратөбе ауданында балаға зорлық көрсеткен тұрғын сотталды. Ол соттың шешімімен сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам 2017 жылдың тамыз айында түрмеден босап шығыпты, бірақ оған әкімшілік қадағалау орнатылмаған. Бұл олқылықты Қаратөбе аудандық прокуратурасы анықтады.
Әкімшілік қадағалау қолданыстағы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» заңның алтыншы бабының талаптарына сәйкес алты айдан, үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді.
Тұрғын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандықтан, оның істі болғаны туралы ақпарат жазасын өтегеннен кейін сегіз жылдан кейін ғана жойылмақ. Яғни 2025 жылдың тамызынан кейін қадағалау күшін жояды.
Қаратөбе ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша сотқа өтінішхат жолданыпты. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аталмыш тұлғаға 2025 жылдың оныншы ақпанында заңмен белгіленген шектеулер қойылды.