Қазақстандық ару бокстан әлем чемпионатында алтын алды

Автор: Дәуренқызы Алма

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында жеңіске жетті 

Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып, жүлденің бар түрін жинады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық финалда қытайлық Ху Мэиймен кездесті. Қазақстандық спортшы еш кедергісіз жеңіске жетті. Нәтижесінде 5:0 есебімен басым түсті. 

Балқыбекова бірінші рет әлем чемпионатында алтын алды, оған дейін қола мен күмістен алқа таққан еді. 

Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші медаль салынды.
Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай жеңіске жетіп, алтын алса, Наталья Богданова (70 келі) қоланы місе тұтты.