Маңғыстау жағажайында жаппай қырылған құстар табылды: экологтар сынама алды (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Тексеріске бір аптадай уақыт қажет

Фото: видеодан кадр

Бүгін, 16 наурызда, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары «Голубая Бухта» жағажайынан су сынамаларын алды. Бұл шара құстар өлекселері табылуына байланысты жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Экологтардың айтуынша, зерттеу нәтижелері 5-6 күн ішінде дайын болады.
Бұған дейін «Голубая бухта» маңында демалушылар жаппай қырылған құстарды байқап, жағажайдың санитарлық жағдайына шағымданған еді.

Сондай-ақ ақтаулық белсенді әрі блогер Азамат Сәрсенбаев 1-ықшамауданы жағалауында жүріп, көмекке мұқтаж үйректер мен аққуды тауып алғанын хабарлады.