Қар көшкінінің алдын алу: ШҚО-да 2 мың текше метр қар түсірілді

Автор: Дәулет Ботагөз

Бақылаулы қар түсіру Өскемен – Самар тас жолының бойында өтті

Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің алдын алу мақсатында бақылаулы қар түсіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 850 текше метр қар массасы төмен түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бақылаулы қар түсіру Өскемен – Самар тас жолының бойында, 132-137 шақырымында өтті. Бұл аймақта үш қар жинау алабы орналасқан, ал автожолдың өзі қар көшкіні қаупі бар тау жотасының жанынан өтед», — делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл шара жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Көлік қозғалысы қалыпты режимде жалғасып жатыр.