Шымкент әкімі тұрғындармен кездесуде баланың тұсауын кесті (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Дәл сол жерде тұсаукесер рәсімі өтті

Фото: видеодан кадр

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесуінде жергілікті тұрғынның өтініші бойынша кішкентай баланың тұсауын кесіп, оның үлкен өмірге алғашқы қадамын жасауына жол ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәстүр бойынша, рәсімнен кейін баланың алдына бірнеше зат қойылды. Қазақтар бүлдіршіннің таңдауы оның болашақ мамандығын көрсетеді деп сенген. Кішкентай бала ойланбастан кәмпитті таңдады.

«Болашақта кондитер болайын деп тұр ғой!» — деп әзілдеді әкім.

Бұл сәт кездесуге жиналғандардың көңілін көтеріп, біраз жылылық сыйлады.