Зейнеткерді күйеуі өлтірген бе? Полиция жауап берді
Күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен

Семей қаласындағы оқиға қоғам назарын аударды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, егде жастағы әйелді бұрынғы күйеуі өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Шұғаев көшесінде болған. Куәгерлердің мәліметінше, күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі бұл туралы: «Егде жастағы әйелді бұрынғы күйеуі өлтірді» деп жазды.
Абай аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады.
Құқық қорғау органдары тергеу құпиялығына байланысты күдіктінің аты-жөнін жарияламады.
«Тергеу барысында істің барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада. Полиция департаменті басшылығы бұл істі өз бақылауында ұстап отыр.