«Терезе жуамын деп құлап кеткен»: Алматы облысында әйел көз жұмды

Автор: Дәуренқызы Алма

Ол 10-қабаттан құлаған

Фото: istockphoto.com

15 наурыз күні Алматы облысы, Бесағаш ауылында арты қазаға әкелген қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Твой Алматы» Telegram-арнасының хабарлауынша, 41 жастағы әйел көпқабатты үйдің 10-қабатындағы пәтерінде терезе жуып жатқанда абайсызда құлап, оқиға орнында қайтыс болды.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.