Кейінгі кездері жұлдызды отбасы жайлы көп қауесет тарап жүр
Жұлдыз Әбдікәрімованың жариялаған соңғы посты онсызда лаулаған отқа май құйғандай әсер қалдырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бәлкім, екеуіміздің ойымыз бір шығар, бірақ бөлек-бөлек жүріп келеміз. Арамызда тосқауыл бар сияқты…», – деп жазады ол.
Желі қолданушылары мұндай жазбаны өздерінше топшалап, оны Қайрат Нұртасқа айтылған сөз деп болжап жатыр.
«Қайратқа арналып айтылған сөздер деп түсіндім», «Жұмбақтап жазғаннан шаршамайды екен», «Қайрат, тез жауап бер», – деп жазады олар.