Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр
Алматы облысы Жаңалық ауылында резеңке дөңгелектер шығаратын зауытта ірі өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жоғары температура мен жанғыш материалдардың көптігіөртті сөндіруді қиындатып отыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өрт сөндірушілер жоғарылатылған қауіп дәрежесімен жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.