Ол автобустағы жолаушыларға дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқаны үшін ескерту жасаған
Теміртауда автобус аялдамасында адам өлтіру дерегі бойынша 27 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол қоғамдық көлікте жанжал шығып, кейін қарсыласын 10 рет пышақтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қанды оқиға Қарағанды – Теміртау бағытындағы автобуста басталған. 44 жастағы Олег Ходченко жұмыстан қайтып келе жатып, автобустағы жолаушыларға дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқандары үшін ескерту жасаған.
Куәгерлердің айтуынша, әлгі жолаушылар мас болған. Ходченко өз аялдамасында түскен кезде, екі ер адам оның соңынан жүгіріп барып, орталық даңғылда шабуыл жасаған.
«Басты күдікті Теміртау қаласының 27 жастағы тұрғыны оқиға орнында ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Екінші ер адамда тергеуге алынды, оның қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр», — делінген материалда.