15.03.2025, 13:21
Жаңалықтар
Баян Алагөзова өмірді жақсы жаққа өзгертудің жолын айтты (ВИДЕО)
Ол өткен жолын еске алып, ерекше жазба жариялады
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова шоу-бизнеске келген сәтінен бастап өткен жолын еске алып, өзінің Instagram парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алагөзова түрлі кезеңдерден құралған қысқа видеоклип жариялап, мансабының алғашқы қадамдарын еске түсірді. Бейнежазбада оның телевизиядағы және кино саласындағы жобаларға қатысқан сәттері көрсетілген.
Продюсер бұл жазбасын: «Жарқын өмірді қалайсыз ба? Қолға бояу алыңыз! Менің қолымда қашан да қылқалам бар… Тағдыр – мінез!» деп қысқаша сипаттады.
Алагөзованың оқырмандары оның еңбегіне тәнті болып, жылы лебіздерін қалдырды: «Аңызға айналған әйел!», «Біздің жалғыз ханшайымымыз!», «Баян – керемет!» деп жазды қолданушылар.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды