Әншінің анасы екеуінің үйлену кезінде араларына түскенін айтты
Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова жайлы шындықты айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің анасы блогер Анар Батырханға берген сұхбатында ұлдарының жар таңдауда жолдарын бөгемегенін айтты.
«Өздері таңдайды (ред. – жұбай). Бірақ Қайраттың таңдауына ара түскенім рас. Қайраттың балалығы бар, екеуі үйлену керек болды. Өз таңдауы. Бірақ мен үйленулерін тездетіп жібердім», - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың анасы ертеректе Ұлықпан Жолдасов, Жанатбек секілді өнер адамдарымен жақын араласқаны туралы хабарланған болатын.