Оқыс оқиғаға қатысты ІІМ басшысы Ержан Саденов пікір білдірді
Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиғаға қатысты ІІМ басшысы Ержан Саденов пікір білдірді.
«Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Оқиға орнына менің орынбасарымның басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда», - деді министр.